Тоғызқұмалақтан 2019 жылдың 26 сәуір - 04 мамыр аралығындаТүркияның Анталия қаласында өтіп жатқан V Əлем чемпионаты бағдарламасындағы классика және блиц түрін .....
Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау облысының 40 жылдығы қарсаңында аймағымызда Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды. Маңғыстау - еліміздің батысындағы дәстүрге берік аймақтың бірі. Сондықтан мемлекет болашақта осы аймақта туризмді дамытуды көздеп отыр. Біз ұлттық ойындарды бүгіннен бастап дамытуды қолға алудамыз. Бұл қадам тарих пен мәденитеттің дамуына өзіндік үлес қосады.
Тоғызқұмалақ – әлемдік мәдениеттің озық үлгілерімен бой теңестіре алатын, зияткерлік (интеллектуалдық) ойын, логикалық ойлауды дамытатын өнер. Оны жас кезінен бастап ойнаған адам бұдан сабақ алып қана қоймай тәжірибе де жинақтайды. Атап айтқанда:
- стратегиялық жоспарлау, болжай алу;
- төзімділік;
- логика; ойлау;
- жүрісті алдын ала санау;
- ұжымшылдыққа, жеңіске жетуге баулиды;
- мақсатқа жетуге талпындырады.
Бұл дағдылар болашақта бизнес жүргізуге, оны басқаруға, жетістікке жетуге септігін тигізеді. Ойын - адамның санасын, мінез-құлқын қалыптастырады. Бұл жастар үшін үйде немесе басқа да білім ордаларында беріле бермейтін қосымша тәрбие.
Біздің мақсатымыз – жастарды ынталандыру, ойында барлық жастағылар үшін танымал ету, жастардың бос уақытын дұрыс пайдалануға жағдай жасау.
Қазіргі уақытта тоғызқұмалақты ұйымдастыру мен құқықтық базасын жетілдіруге бағытталған бірқатар бағдарламалар жасалған. Оны әулден осы Маңғыстау өңірінде дамытуға ат салысып жүрген Аға жаттықтырушы – Жакиева Гаухар. Сондай-ақ, жеткіншектер мен жастарды салауатты өмір салтына баулуға, оларды республикалық және халықаралық байқауларға қатысуына жағдай жасау көзделген.
Осы ойынға әуесқойлар үшін онлайн-байқаулар жасалынған. Тоғызқұмалақ ойнауға ынталылардың көптігінен жеке парақ ашылғандығы ойынның танымал екендігін көрсетеді. Яғни, бабаларымыздың қаншалықты қызық ойын мұраға қалдырғандығын бағамдаймыз. Біздің міндетіміз осы мұраны жастарға беру, оның беделін көтеру, халықаралық деңгейге жеткізу.
Егер осы ойынды қазірден бастап жастарымыздың бойына сіңіре алсақ, бірнеше ғасырдан соң ұрпағымыз логикалық төл ойынымыз бар екендігін мақтан тұтары анық.
Бүгінгі күн жұмысының нәтижесі - ертеңгі тарих! – дейді «Маңғыстау облысының тоғызқұмалақ федерациясы» ҚБ басқармасының төрайымы Асель Досаманова.
Сондықтан, келіңіздер, үйреніңіздер, жеңіске жетіңіздер! Біз сіздерді қуана қарсы аламыз.
Тоғызқұмалақтан ҚР ІІІ Жастар спорт ойындары Ақтөбе қаласында 2013 жылдың 1-6 мамыр аралығында өтті.
Жарыс 6 тақта бойынша швейцар жүйесімен 7 турда өткізілді. 13 облыс, Алматы және Астана қалаларының қатысуымен өткен дода бұрын-соңды болмаған тартыспен ерекшеленді. Еліміздің қазіргі таңдағы 18 жасқа дейінгі ең мықты ойыншылары бас қосқан бұл жарыста Қызылорда облысы ерекше дайындығымен көзге түсті. Әлем чемпионы Елеусінов Хакімжан облыс тізгінін қолға ұстағалы сырдариялық жастар жаңа серпін алды.
Ал, 2-3 орын үшін тартыста 4 команданың ұпайы тең болып, жүлделі орындар қосымша прогресс коэффициэнтімен анықталды.
Жалпы алғанда, 2 мен 9 орын аралығын 2,5 ұпай ғана бөлуде, бұл ұлттық ойынымыздың өңірлерде дамуының жақсы деңгейін көрсетеді.
командалық:
1 – орын: Қызылорда – 29 ұпай
2 – орын: Астана қаласы – 26 ұпай (КП=106)
3 – орын: Қостанай – 26 ұпай (КП=104)
4 – орын: Алматы қаласы – 26 ұпай (КП=103)
5 – орын: Батыс Қазақстан облысы – 26 ұпай (КП=98,5)
жекелей, тақта бойынша:
1 – тақта :
1 – орын: Есетов Арсен – 6 ұпай (Ақтөбе)
2 – орын: Қайыржанов Әсет – 5,5 ұпай (Батыс Қазақстан облысы)
3 – орын: Айшыққан Рамазан – 5 ұпай (Қызылорда)
2 – тақта:
1 – орын: Бостандықов Бексұлтан – 6 ұпай (Қызылорда)
2 – орын: Балқыбек Ерасыл – 6 ұпай (Астана қ-сы)
3 – орын: Оразмұхамбет Алпамыс – 5 ұпай (Батыс Қазақстан облысы)
3– тақта:
1 – орын: Байжанов Бахтияр – 6 ұпай (Павлодар)
2 – орын: Риза Нұрберген – 6 ұпай (Астана)
3 – орын: Кемали Фархад – 4,5 ұпай (Қызылорда)
4 – тақта:
1 – орын: Көптлеу Гүлсезім – 6 ұпай (Ақтөбе)
2 – орын: Ермекбай Самал – 5 ұпай (Қызылорда)
3 – орын: Спанова Гүлнұр – 5 ұпай (Қостанай)
5 – тақта:
1 – орын: Мұхамбетқалиева Айым – 6 ұпай (Қостанай)
2 – орын: Рахматуллаева Аружан – 5,5 ұпай (Алматы қ-сы)
3 – орын: Нұрғали Ақгүл – 5 ұпай (Батыс Қазақстан облысы)
6 – тақта:
1 – орын: Жігітекова Сымбат – 6 ұпай (Алматы қ-сы)
2 – орын: Елубаева Гүлмира – 6 ұпай (Алматы обл.)
3 – орын: Егорова Татьяна – 4,5 ұпай (Қостанай)
Қорытындылай келе, ұлттық ойынымыздың жақсы дәрежеде дамуда екенін айтуымыз керек. Жастарымыздың шеберлігі мен ойынға деген құлшынысы көз қуантарлық. Еліміздің өңір басшыларына айтарымыз, жас жаттықтырушыларға жағдай жасап, тоғызқұмалағымыздың өркендеуіне бірігіп ат салысайық, АҒАЙЫН!