2013 жылдың 5-10 наурыз аралығында Қызылорда облысы, Тереңөзек ауылында Н. Ергешбаев атындағы кезекті турнир өтті. Соңғы жылдары жақсы дәстүрге айналған бұл жарысқа еліміздің 6 өңірінен 170 ойыншы қатынасты.
Жарыс нәтижесі төмендегідей:
ерлер арасында:
1 – орын: Елеусінов Хакімжан – 8 ұпай (Сырдария),
2 – орын: Бостандықов Бексұлтан – 7 ұпай (Сырдария),
3 – орын: Елеусінов Біржан – 7 ұпай (Сырдария);
қыздар арасында:
1 – орын: Сапарбекова Салтанат – 8 ұпай(Оңт.Қаз. облысы),
2 – орын: Әсел Далиева – 7,5ұпай (Қызылорда),
3 – орын: Әуесбаева Фарида – 6,5 ұпай (Жалағаш);
14 жасқа дейінгі ұлдар арасында:
1 – орын: Бейсетай Алмаз – 7 ұпай (Алматы облысы),
2 – орын: Ералиев С – 7 ұпай (Сексеуіл),
3 – орын: Төремұратов Б – 7 ұпай (Сексеуіл);
14 жасқа дейінгі қыздар арасында:
1 – орын: Ермекбай Жамал – 8,5 ұпай (Қызылорда),
2 – орын: Дүйсен Әсем – 8 ұпай (Оңт.Қаз. облысы),
3 – орын: Махамбетамин Ұлдана – 7 ұпай (Қазалы).
Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Ергешбаевтар отбасының атынан диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау облысының 40 жылдығы қарсаңында аймағымызда Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды.