
2013 жылдың 9-14 сәуір аралығында Шымкент қаласында Қ.Сапарбековты еске алуға арналған және «Домалақ-Ана» атындағы жүлде үшін XV республикалық жастар және жасөспірімдер арасында ашық турнир өтті. Жарысқа 3 жас ерекшелік бойынша 180-ге жуық ойыншы қатысты.
Бас төреші – Ноғайбаев Мейрамқұл, бас хатшы – Сапарбеков Сәбит.
Жарыс нәтижесі төмендегідей:
18 жас ұлдар:
1 – орын: Ерболған Еркебұлан – 7 ұпай (Бәйдібек),
2 – орын: Басшы Дархан – 5,5 ұпай (Маңғыстау),
3 – орын: Бейсен А – 5 ұпай (ҰСТМ);
18 жас қыздар:
1 – орын: Рахманқұл Назерке – 7 ұпай (Оңт.Қаз. облысы),
2 – орын: Ермекбай Жамал – 5 ұпай (Қызылорда),
3 – орын: Төлебай А – 5 ұпай (Шардара);
15 жас ұлдар:
1 – орын: Жандарбек Саят – 6,5 ұпай (ҰСТМ-1),
2 – орын: Ракишев С – 5 ұпай (ҰСТМ-2),
3 – орын: Мығымбай С – 5 ұпай (Жалағаш);
15 жас қыздар:
1 – орын: Батырханова Ұлжан – 6 ұпай (Оңт.Қаз. облысы),
2 – орын: Ахбаева Жазира – 5,5 ұпай (Алматы облысы),
3 – орын: Жұмабаева Ақсана – 5 ұпай (Маңғыстау);
12 жас ұлдар:
1 – орын: Батырбек Б – 8 ұпай (Бәйдібек),
2 – орын: Жақсыбек Н – 8 ұпай (ҰСМБЖСМ-1),
3 – орын: Айтмаханов Б – 7 ұпай (Қызылорда);
12 жас қыздар:
1 – орын: Айжарық Б – 9 ұпай (Қызылорда),
2 – орын: Бөгенбай А – 8 ұпай (Оңт.Қаз. облысы),
3 – орын: Құттыбай А – 6 ұпай (Оңт.Қаз. облысы).
Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Сапарбековтар отбасының атынан диплом және бағалы сыйлықтар тапсырылды.
Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау облысының 40 жылдығы қарсаңында аймағымызда Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды.