• Register

І Орта Азия Кубогы, 2013

2013 жылдың 1-6 мамыр аралығында Бішкек қаласында І Орта Азия Кубогына арналған халықаралық жарыс өтті. Бұл сайысқа Қазақстан мен Қырғызстан елдерінен 16 команда, жалпы саны 98 спортшы қатысты, оның ішінде ерлер – 58, қыздар – 40.

Жарыс ерлер және қыздар арасында 7 тур швейцар жүйесімен өтті. Жүлделі орындарға келесі ойыншылар қол жеткізді:

ерлер                    1-орын: Жамакеев Анарбек – 6,5 ұпай (Қырғызстан)

                              2-орын: Алиакбар Ернұр – 6 ұпай (Қазақстан)

                              3-орын: Жақсылықов Алмаз – 6 ұпай (Қазақстан)

қыздар                 1-орын: Сапарбекова Салтанат – 7 ұпай (Қазақстан)

                              2-орын: Мағауова Гүлжан – 5,5 ұпай (Қазақстан)

                              3-орын: Байзекенова Айнұр – 5,5 ұпай (Қазақстан)

 

Ал, командалық жарыс олимпиялық жүйемен өткізілді. 1/8 финалдан басталған қызықты бәсекенің финалдық ойындары келесідей:


Финал(ерлер):

Қазақстан

3 – 1

Қырғызстан

Темірбаев Ғ.

1 – 0

Қасымов Қ.

Жақсылықов А.

1 – 0

Сазаев К.

Нұрханов Е.

0 – 1

Құдайбергенов М.

Алиакбар Е.

1 – 0

Жамакеев А.

 

 

 

 

 

 3 – орын үшін:

Жамбыл 3 – 1 Бішкек

 

Финал(қыздар):

Қазақстан

2 – 2

Қырғызстан

Сапарбекова С.

(66)0 – 1

Гүлжамал

Мағауова Г.

1 – 0(44)

Урматова

Қуанышбекова А.

0(71) – 1

Керімбекова А.

Байзекенова А.

1 – 0(64)

Сарыкеева Г.

 

 

 

 

 

3 – орын үшін:

Бішкек 3 – 1 КНУ

 

Нағыз тартысты ойын қыздар финалында орын алды. Жергілікті ережелер бойынша, командалар тең түскен жағдайда жеңімпаз ұтылған ойыншылардың жинаған құмалақ санына байланысты анықталды. Біздің қыздар қарсыластарын ірі есеппен ұтқандықтан 1 – орынға ие болды.

 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары

Маңғыстау облысында Тоғызқұмалақ Федерациясы ашылды

Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау облысының 40 жылдығы қарсаңында аймағымызда Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды.

 

Толығырақ...