• Register

Feed Display

Не указан URL ленты новостей.

ҚР Президент жүлдесі 2011

2011 жылдың 24-30 қараша аралығында Астана қаласында Қазақстан Республикасының Президенті Н.Ә.Назарбаевтың жүлдесі үшін XIV халықаралық жарыс өтті. Ел Тәуелсіздігінің 20 жылдық мерейтойына арналған сайысқа Қазақстанмен қатар Ресей, Түркменстан, Қырғызстан мемлекеттерінің ең таңдаулы спортшылары қатысты. «Қазақстан» спорт кешенінде өткен дәстүрлі жарыс өте жоғары деңгейде ұйымдастырылды.

Ерлер және қыздар арасындағы бас жүлдеге 5000 АҚШ доллары тігілген жарысымыз, ә дегеннен, тартыспен басталды. Алғашқы турдан Ғалымжан Темірбаев, Серік Ақтаев, Нұрбек Қабиев, Жанат Каймулдиндер жақсы өнер көрсеткенімен, мәреге жақындаған сайын Ғалымжан басты қарсыластарын ұтып, бас бәйгені қанжығасына байлады.

Нағыз тартысты бәсекелер қыздар арасында өтті. Бұл сында шымкенттің мақтанышы, әлем біріншілігінің күміс жүлдегері Салтанат Сапарбекованың бағы жанды. Ол 8-турда қызылордалық әлем чемпионы Әсел Далиеваны, ал, шешуші 9-турда керекулік шебер, Азияның мықтысы Диана Кенинаны ұтып, осы сайыстың жеңімпазы атанды.

Жарыс нәтижесі төмендегідей:

ерлер                    1-орын: Ғалымжан Темірбаев – 8 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)

                              2-орын: Жанат Каймулдин – 7,5 ұпай (Павлодар)

                              3-орын: Нұрбек Қабиев – 6,5 ұпай (Ақтөбе)

қыздар                 1-орын: Салтанат Сапарбекова – 8 ұпай (Оңт.Қаз.Обл.)

                              2-орын: Әсел Далиева – 8 ұпай (Қызылорда)

                              3-орын: Алмагүл Такишева – 6,5 ұпай (Ақтөбе)

Жарыстың марапаттау рәсімінен кейін Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ Қауымдастығының атқару алқасы кезекті мәжілісін өткізді. Алқалы жиында Тоғызқұмалақ Қауымдастығының жаңа төрағасы сайланды. Енді қоғамдық бірлестіктің тізгінін Қазақстан Республикасы Парламент Мәжілісінің депутаты Құттықожа Ыдырысов ұстайтын болды. Сондай-ақ, жиынға қатысушылар Дүниежүзілік Тоғызқұмалақ Қауымдастығының аясында Азия Тоғызқұмалақ Қауымдастығын бөлек құру туралы мәселе көтерді.

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары

Маңғыстау облысында Тоғызқұмалақ Федерациясы ашылды

Ақтау қаласының 50 жылдығы және Маңғыстау облысының 40 жылдығы қарсаңында аймағымызда Маңғыстау облыстық Тоғызқұмалақ Федерациясы құрылды.

 

Толығырақ...

Demo Information

All content and images shown on this site is for demo, presentation purposes only. This site is intended to exemplify a live website and does not make any claim of any kind to the validity of non-Shape5 content, images or posts published. Stock photography is not included with this template. Links will be provided for some images if you wish to purchase them from their copyright owners.

Site Shaper Available

Do you need a website up and running quickly? Then a site shaper is just what you are looking for. A Site Shaper is a quick and easy way to get your site looking just like our demo in just minutes! It includes Joomla itself, this template and any extensions that you see on this demo. It also installs the same module and article content, making an exact copy of this demo with very little effort. Learn More...