• Register

ҚР Жасөспірімдер чемпионаты 2013

2013 жылдың 24-31 наурыз аралығында Шымкент қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 10, 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер чемпионатына 14 облыс, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 274 спортшы қатысты. Оның ішінде алыстағы аудандар мен ауыл балалары да бар. Жалпы: 

10 жас ұлдар – 45, 10 жас қыздар – 41,

12 жас ұлдар – 41, 12 жас қыздар – 43, 

14 жас ұлдар – 41, 14 жас қыздар – 43 ойыншы.

Ең көп қатысқан спортшылар Оңтүстік Қазақстан облысынан – 24, ал ең аз қатысқан Солтүстік Қазақстан облысынан – 5 адам.

Жарыс 9 турда швейцар жүйесімен өткізілді. Әрбір ойыншыға класскилық ойында 1 сағат 30 минуттан, ал шапшаң ойында – 7 минуттан берілді. Жергілікті телеарналар мен баспасөз құралдары жарыс барысы туралы материал дайындап, жариялап отырды.

Жарыстың бас төрешісі – ұлттық дәрежелі төреші шымкенттік Алдажұманова Қаламқас және жарыстың бас хатшысы – ұлттық дәрежедегі төреші оралдық Абдикаримов Дәулет болды. Чемпионатқа барлығы 28 төреші төрешілік жасап, жоғары деңгейде өтуіне өздерінің үлестерін қосты.

Тоғызқұмалақтың негізгі бәсекесінде Қызылорда облысының спортшылары жоғары табысқа жетіп, түрлі дәрежедегі 3 медаль жеңіп алды.

Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

10 жас ұлдар:

1-орын – Айтмаханов Бексайыр (Қызылорда)

Жаттықтырушысы – Қамбарова Ғалия

2-орын – Дулатұлы Ерасыл (Шығ.Қаз.обл.)

3-орын – Жұмағали Сырымдат (Павлодар)

 

10 жас қыздар:

1-орын – Косумбаева Айгерім (Маңғыстау)

Жаттықтырушысы – Жакиев Жомарт

2-орын – Шамрухова Аружан (Бат.Қаз.обл.)

3-орын – Құттыбай Аружан (Оңт.Қаз.обл.)

 

12 жас ұлдар:

1-орын – Батырбек Бейбарыс (Оңт.Қаз.обл.)

Жаттықтырушысы – Қуанышбекова Айкерім

2-орын – Жақсыбек Нұрсат (Оңт.Қаз.обл.)

3-орын – Алдибай Н (Жамбыл)

 

12 жас қыздар:

1-орын – Алдабергенова Гүлжанат (Ақтөбе)

Жаттықтырушысы – Қабиев Нұрбек

2-орын – Кенжебекова Ақерке (Қызылорда)

3-орын – Байболат Гүлназ (Оңт.Қаз.обл.)

 

14 жас ұлдар:

1-орын – Қайыржанов Әсет (Бат.Қаз.обл.)

Жаттықтырушысы – Қаяпбергенов Қанапия

2-орын – Серикбаев Дархан (Қостанай)

3-орын – Сериков Алмаз (Павлодар)

 

14 жас қыздар:

1-орын – Ермекбай Жамал (Қызылорда)

Жаттықтырушысы – Қошкарова Ақторғын

2-орын – Нихат Филора (Алматы обл.)

3-орын – Базаралиева Гүлнар (Астана қ-сы)

 

Медаль саны бойынша:

1. Қызылорда – 2 алтын, 1 күміс 

2. Оңт.Қаз.обл. – 1 алтын, 1 күміс, 2 қола

3. Бат.Қаз.обл. – 1 алтын, 1 күміс

4-5. Ақтөбе – 1 алтын

4-5. Маңғыстау – 1 алтын

6-8. Алматы обл. – 1 күміс

6-8. Қостанай – 1 күміс

6-8. Шығ.Қаз.обл. – 1 күміс

9. Павлодар – 2 қола

10-11. Астана қ-сы – 1 қола

10-11. Жамбыл – 1 қола 

 

Шапшаң ойын олимпиялық жүйемен өткізіліп, барлығы 9 турда өткізілді. Жарыстың бұл түрінде Оңтүстік Қазақстан облысының спортшылары жақсы өнер көрсетті.   

 Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

 10 жас ұлдар:

1-орын – Беркімбаев Жарылқасын  (Оңт.Қаз.обл.)

Жаттықтырушысы – Беркімбаев Төрехан

2-орын – Акбар Жаңарыс (Оңт.Қаз.обл.)

3-орын – Жағаппаров Арнат  (Шығ.Қаз.обл.)

3-орын – Денеев Дамир (Қызылорда)

 

10 жас қыздар:

1-орын – Садықбек Жұлдыз (Қызылорда)

Жаттықтырушысы – Қамбарова Ғалия

2-орын – Косумбаева Айгерім (Маңғыстау)

3-орын – Салман Аружан (Оңт.Қаз.обл.)

3-орын – Еламан Аружан (Оңт.Қаз.обл.)

 

12 жас ұлдар:

1-орын – Батырбек Бейбарыс (Оңт.Қаз.обл.)

Жаттықтырушысы – Қуанышбекова Айкерім

2-орын – Жақсыбек Нұрсат (Оңт.Қаз.обл.)

3-орын – Абдыхалық Диас (Оңт.Қаз.обл.)

3-орын – Әсетов Аслан (Шығ.Қаз.обл.)

 

12 жас қыздар:

1-орын – Сарcенбаева Забира (Алматы қ-сы)

Жаттықтырушысы – Қошқарова Ақтоты

2-орын – Мерген Тайфа (Қостанай)

3-орын – Берікбол Мөлдір (Қарағанды)

3-орын – Алдабергенова Гүлжанат (Ақтөбе)

 

14 жас ұлдар:

1-орын – Файзулла Ақан (Павлодар)

Жаттықтырушылары – Шалекеева Нұргүл,

Булкенов Қуаныш

2-орын – Серікбаев Дархан (Қостанай)

3-орын – Жандарбек Саят (Оңт.Қаз.обл.)

3-орын – Сериков Алмаз (Павлодар)

 

14 жас қыздар:

1-орын – Әбілдә Қызжібек (Қызылорда)

Жаттықтырушысы – Әуесбаева Фарида

2-орын – Базаралиева Гүлнәр (Астана қ-сы)

3-орын – Шешхан Алтынсекер (Ақмола)

3-орын – Кеңесова Зере (Шығ.Қаз.обл.)

 

Медал саны бойынша:

1.  ОҚО – 2 алтын, 2 күміс, 4 қола

2.  Қызылорда – 2 алтын

3.  Павлодар – 1 алтын, 1 қола

4.  Алматы қаласы – 1 алтын

5.  Қостанай – 2 күміс

6-7.  Астана – 1 күміс

6-7. Маңғыстау – 1 күміс

8. Шығ.Қаз.обл. – 3 қола

9-11. Ақмола – 1 қола

9-11. Ақтөбе – 1 қола

9-11. Қарағанды – 1 қола

                                       

Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы спорт және  дене шынықтыру істері агенттігі  атынан медаль және дипломдармен, Оңтүстік Қазақстан облыстық тоғызқұмалақ Федерациясының Президенті Сұлтанова Төреайым Жолдыбайқызы және Оңтүстік Қазақстан облысының дене шынықтыру және спорт басқармасының бағалы сыйлықтарымен марапатталды.  

 

Тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы                   Д.Капаев 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары