• Register

ҚР Жасөспірімдер чемпионаты 2015

Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 10, 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер чемпионатының

ЕСЕБІ

 

2015 жылғы 24-31 наурыз аралығында Павлодар қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының 10, 12 және 14 жас аралығындағы жасөспірімдер чемпионатына 14 облыстан, Астана және Алматы қалаларынан 246 спортшы қатысты. Оның ішінде: 10 жас ұлдар – 45, 10 жас қыздар – 37, 12 жас ұлдар – 38, 12 жас қыздар – 42,  14 жас ұлдар – 43, 14 жас қыздар – 41 ойыншы. Ең аз қатысқан спортшылар Солтүстік Қазақстан облысынан – 7 спортшы.

Чемпионат 9 турда швейцар жүйесімен өткізілді. Әрбір ойыншыға, классикада – 1 сағат 30 минут, ал шапшаң ойында – 7 минуттан берілді. Жергілікті телеарналар мен баспасөз құралдары чемпионат барысы туралы ақпарат жариялап отырды.

Чемпионаттың ашылу салтанатында Павлодар облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы спорт бөлімінің басшысы Айнұр Мейрамқызы Қоспақова, тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының бас жаттықтырушысы – Айнұр Абсадыққызы Жақапбаева, Қазақстан Республикасы Тоғызқұмалақ спорты Федерациясы төрешілер алқасының басшысы – Мейрамқұл Қопабайұлы Ноғайбаев қатысты.

Чемпионаттың бас төрешісі: Жоғарғы Ұлттық дәрежелі төреші – Шарип Кашкенов (Павлодар), бас хатшысы: Ұлттық дәрежедегі төреші – Батырхан Абильбеков (Қостанай) болды.

Қызылорда  облысының спортшылары жоғары табысқа жетіп, түрлі дәрежедегі – 10 медаль жеңіп алды.

Чемпионаттың жеңімпаздары мен жүлдегерлері

Классика:

10 жас ұлдар

1 орын – Тлегенов Алмас (Ақтөбе)

2 орын – Аманжолов Архат (БҚО)

3 орын – Аманқос Жантөре (Қызылорда)

10 жас қыздар

1 орын – Бауыржанқызы Ақгүл (БҚО), жаттықтырушысы - Шаутенов Қайрат

2 орын – Садықбекова Аружан (Қызылорда)

3 орын – Мұхтарова Талшын (Қостанай)

12 жас ұлдар

1 орын – Беркінбаев Жарылқасын (ОҚО)

2 орын – Дұлатұлы Ерасыл (ШҚО)

3 орын – Акбар Жанарыс (ОҚО)

12 жас қыздар

1 орын – Серікова Аяулым (Павлодар)

2 орын – Садықбек Жұлдыз (Қызылорда)

3 орын – Қуатова Аружан (Алматы қаласы)

14 жас ұлдар

1 орын – Жортабаев Бекарыс (БҚО)

2 орын – Алдибай Нұрбол (Жамбыл)

3 орын – Қаржаубаев Асылбек (Қызылорда)

14 жас қыздар

1 орын – Кенжебекова Ақерке (Қызылорда)

2 орын – Алдабергенова Гүлжанат (Ақтөбе)

3 орын – Ернязова Дильназ (БҚО)

Блиц:

10 жас ұлдар

1 орын – Дәкен Елдар (Алматы қаласы)

2 орын – Тлегенов Алмас (Ақтөбе)

3 орын – Тұралы Серікболсын (Қарағанды)

3 орын – Қалжан Қуанышбек (Ақтөбе)

10 жас қыздар

1 орын – Дәуренбекқызы Әсем (Қызылорда)

2 орын – Мұратова Жанар (БҚО)

3 орын – Мұнайтпасова Жұлдыз (Қызылорда)

3 орын – Дошанова Аймона (Ақтөбе)

12 жас ұлдар

1 орын – Тұрақбай Жұмакелді (Маңғыстау)

2 орын – Төлепберген Диас (Астана қаласы)

3 орын – Айтмаханов Бексайыр (Қызылорда)

3 орын – Жағаппаров Арнат (ШҚО)

12 жас қыздар

1 орын – Серікова Аяулым (Павлодар)

2 орын – Оралбекова Аружан (ШҚО)

3 орын – Қуатова Аружан (Алматы қаласы)

3 орын – Қосумбаева Айгерім (Маңғыстау)

14 жас ұлдар

1 орын – Батырбек Бейбарыс (ОҚО)

2 орын – Ахметқалиев Бауыржан (БҚО)

3 орын – Айсаев Асхат (Қостанай)

3 орын – Манарбекұлы Арыстан (Астана қаласы)

14 жас қыздар

1 орын – Кенжебекова Ақерке (Қызылорда)

2 орын – Абдыханова Аружан (Павлодар)

3 орын – Такенова Назира (Маңғыстау)

3 орын – Маханова Нұрсұлу (Қызылорда )

 

Барлық медаль саны, бойынша:

1. Қызылорда – 3 алтын, 2 күміс, 5 қола;

2. БҚО – 2 алтын, 3 күміс, 1 қола;

3. Павлодар – 2 алтын, 1 күміс;

4. ОҚО – 2 алтын, 1 қола;

5. Ақтөбе – 1 алтын, 2 күміс, 2 қола;

6-7. Алматы қаласы – 1 алтын, 2 қола;

6-7. Маңғыстау – 1 алтын, 2 қола;

8. ШҚО – 2 күміс, 1 қола;

9. Астана қаласы – 1 күміс, 1 қола;

10. Жамбыл – 1 күміс;

11. Қостанай – 2 қола;

12. Қарағанды – 1 қола.

 

 

Чемпионаттың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлерге Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және  дене шынықтыру істері Комитеті атынан медаль және дипломдармен, Павлодар облысы әкімдігінің Дене шынықтыру және спорт басқармасы мен Павлодар облыстық тоғызқұмалақ Федерациясы тарапынан бағалы сыйлықтармен марапатталып, 10 жас аралығындағы ұлдар мен қыздар арасындағы жеңімпаздарға Қостанай облысының тоғызқұмалақ Федерациясының Вице-президенті Нұрлан Бекентайұлы Мамиевтан естелік тоғызқұмалақ тақтасы сыйға берілді.

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары