• Register

ҚР Жекелей Чемпионаты 2014

2014 жылдың 17-28 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасында жекелей чемпионатының ЕСЕБІ

2014 жылдың 17-27 сәуір аралығында Павлодар қаласында өткен Тоғызқұмалақтан Қазақстан Республикасының ерлер және әйелдер арасындағы жекелей чемпионатына 13 облыс, Астана және Алматы қалаларынан барлығы 121 спортшы қатысты. Ақмола обылысының спортшылары жарысқа келмеді. Оның ішінде алыстағы аудандар мен ауыл ойыншылары да бар. Оның ішінде, ерлер – 64, әйелдер – 57.

Жарыс  рапид, блиц  9 және классика 11 турда швейцар жүйесімен өткізілді. Әрбір ойыншыға классикалық ойында 2 сағаттан, ал шапшаң ойында – 7 минуттан, рапидта – 20 минуттан берілді. Жергілікті телеарналар мен баспасөз құралдары жарыс барысы туралы материал дайындап, жариялап отырды.

Жарыстың ашылу салтанатында Павлодар облысы дене тәрбиесі және спорт басқармасының спорт бөлімінің басшысы Кольев Олег Викторович,  Тоғызқұмалақ зияткерлік қауымдастығының вице-президенті Мақсат Есенбекұлы Шотаев, Тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы Дастан Исатайұлы Қапаев, республиканың бас жаттықтырушысы Жақапбаева Айнұр Абсадыққызы сөз сөйледі.

Жарыстың бас төрешісі – жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Ш. Кашкенов, бас төрешінің орынбасары – жоғары дәрежедегі ұлттық төреші Б.Әбілбеков болды. Чемпионатқа барлығы 60 төреші төрешілік жасап, жоғары деңгейде өтуіне өздерінің үлестерін қосты.

 Жарыс жеңімпаздары мен жүлдегерлері:

Шапшаң ойын әйелдер

 І орын: Далиева Әсел (ОҚО) жаттықтырушысы - Темірбаев Ғ.

ІІ орын: Кенина Диана (Ақтөбе) жаттықтырушысы - Кашкенов Ш, Нуршин Х, Төлегенов Б

ІІІ орын: Сапарбекова Салтанат (ОҚО) жаттықтырушысы - Сапарбеков С

ІІІ орын: Кусаинова  Салтанат (Астана) жаттықтырушысы - Мағауова Г

Шапшаң ойын ерлер

І орын: Қабиев Нұрбек (Ақтобе) жаттықтырушысы - Нуршин Х, Кенина Д, Толегенов Б

ІІ орын: Жақсылықов Алмаз (ШҚО) жаттықтырушысы - Нұрсұлтанова Г.А

ІІІ орын: Ақтаев Серік (ОҚО) жаттықтырушысы - Көпбаева К

ІІІ орын: Темірбаев Ғалымжан(ОҚО) жаттықтырушысы - Көпбаева К

Рапид әйелдер

І орын: Далиева Әсел (ОҚО) жаттықтырушысы - Темірбаев Ғ.

ІІ орын: Хадылбек Бақытжан (Астана) жаттықтырушысы - Шотаев М

ІІІ орын: Кенина Диана (Ақтөбе) жаттықтырушысы - Кашкенов Ш, Нуршин Х, Толегенов Б

Рапид  ерлер

І орын: Темірбаев Ғалымжан (ОҚО) жаттықтырушысы - Көпбаева К

ІІ орын: Матылов Сайлан (БҚО) жаттықтырушысы - Әбдікаримов Д, Рамазанов Ғ

ІІІ орын: Мерешев Ернұр (Павлодар) жаттықтырушысы - Капаев А, Кашкенов Ш

 Классика әйелдер

І орын: Сапарбекова Салтанат (ОҚО) жаттықтырушысы - Сапарбеков С

ІІ орын: Раимбекова Роза (Павлодар) жаттықтырушысы - Кашкенов Ш, Капаев А

ІІІ орын: Далиева Әсел (ОҚО) жаттықтырушысы - Темірбаев Ғ.

 

Классика ерлер

І орын: Каймульдин Жанат (Павлодар) жаттықтырушысы -  Кашкенов Ш, Капаев А

ІІ орын: Жақсылықов Алмаз (ШҚО) жаттықтырушысы - Нұрсұлтанова Г.А

ІІІ орын: Ақтаев Серік (ОҚО) жаттықтырушысы - Көпбаева К

Жарысқа қатысқан: ҚЕССШ-1, ХДСШ-11, СШ-28, СШҮ-44, І дәреже-37.

 Жарыстың жабылу салтанатында жеңімпаздар мен жүлдегерлер Қазақстан Республикасы спорт және дене шынықтыру істері агенттігі  атынан медаль және дипломдармен марапатталды.  

         Жарыс уақытында аймақтық оқу-тәжірибелік дене тәрбиесі және алғашқы әскери дайындық орталығы, дене шынықтыру және спорт басшысы мен Қазақстанның зияткерлік тоғызқұмалақ федерациясы бірігіп мектептердің дене шынықтыру мұғалімдері және спорт мектептің жаттықтырушыларымен жарыс ұйымдастыру, өткізу, төрешілік жасау мақсатында 24 сағаттық семинар өткізді. Осы семинарға 68 адам қатысып, 59 сертификат алды.

 

Тоғызқұмалақтан мемлекеттік жаттықтырушы                   Д.Капаев 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары