• Register
V ӘЛЕМ ЧЕМПИОНАТЫ 2019

Тоғызқұмалақтан 2019 жылдың 26 сәуір - 04 мамыр аралығындаТүркияның Анталия қаласында өтіп жатқан V Əлем чемпионаты бағдарламасындағы классика және блиц түрін .....

Сайлан - Ел Чемпионы!

Матылов Сайлан Арматұлы, 1992 жылы 12 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жетікөл ауылында дүниеге келді. 12 жасынан бастап Әсет Шагиров пен Дәулет Әбдікәрімов сияқты білікті бапкерлердің қол астында жаттығып келеді. 

Спорттық жетістіктері:

ҚР жекелей чемпионаты, 1-орын (Павлодар-2012) 

ҚР 3 дүркін жастар чемпионы (Алматы-2008, Орал-2009, Алматы-2010) 

ҚР Кубогі, 1-орын (Көкшетау-2010)

ҚР ІІ жастар ойыны, 1-орын (Тараз-2009)

ҚР оқушылар спартакиадасы, 1-орын (Тараз-2008)

ҚР ІV Халық Ойындары, 2-орын (Орал-2010)

ҚР жасөспірімдер чемпионаты, 2-орын (Тараз-2006)

ҚР жастар чемпионаты, 3-орын (Орал-2011, Шымкент-2012)

Әрине, 2012 жылдың 21-сәуірі Сайланның есінде мәңгі қалары сөзсіз. Соңғы турда керекулік шебер Мерешев Ернұрдан басым түсіп, тұңғыш рет ересектер арасында жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, Әлем Чемпионатына жолдама алды. Осы дүбірлі додадан не күтесің деген сауалға: «тамаша ойын көрсетіп, Отанымның көк туын желбіретсем, әнұранын асқақтатсам» деген арманы бар екенін жеткізді.

Сайланның сөзіне сенсек: «Чемпион болу – әр адамның қолынан келетін іс. Алдыңа биік мақсат қойып, аянбай еңбек етсең, үлкен жарыста топ жару көп күттірмейді. Шыдамдылық түбінде жеңіске жеткізеді.»

Жарыстарға бірге шығып, бірге дайындалып жүрген командаластарына, әсіресе, сенім артқан бапкері Дәулет Әбдікәрімовке айтар алғысы шексіз.

Баршамызды өз ойынымен тәнті қылған Сайланға тілеріміз:

«Талабыңа нұр жаусын! Бар күшіңді салып, әлемді бағындыр!»

  • Tab 1 - Онлайн ойын

     

     

    Google Play-ден "Мастер тогызкумалака"

    ойынын жүктеңіздер

    Сілтеме...

  • Tab 2 - Ойын ережесі

    Тоғызқұмалақ ойыны арнайы тақтада екі адам арасында ойналады. Ойын тақтасы – 2 қазан, 18 отау, 162 құмалақтан тұрады. Ойын басында...

     

    Толығырақ...

     
  • Tab 3 - Ой түйіні

    ТОҒЫЗҚҰМАЛАҚ ОЙЫНЫ ТУРАЛЫ ПІКІРЛЕР

    “Тоғызқұмалақтың орны бөлек. Бұл ойын адамды тапқырлыққа үйретеді. Миды шыңдайды”. М.Жұрынов. Академик                                                    Толығырақ... 

Әлем және Азия чемпионаттары

ҚР жекелей чемпионаттары

ҚР командалық чемпионаттары