Сайлан - Ел Чемпионы!

Матылов Сайлан Арматұлы, 1992 жылы 12 қыркүйекте Батыс Қазақстан облысы, Сырым ауданы, Жетікөл ауылында дүниеге келді. 12 жасынан бастап Әсет Шагиров пен Дәулет Әбдікәрімов сияқты білікті бапкерлердің қол астында жаттығып келеді. 

Спорттық жетістіктері:

ҚР жекелей чемпионаты, 1-орын (Павлодар-2012) 

ҚР 3 дүркін жастар чемпионы (Алматы-2008, Орал-2009, Алматы-2010) 

ҚР Кубогі, 1-орын (Көкшетау-2010)

ҚР ІІ жастар ойыны, 1-орын (Тараз-2009)

ҚР оқушылар спартакиадасы, 1-орын (Тараз-2008)

ҚР ІV Халық Ойындары, 2-орын (Орал-2010)

ҚР жасөспірімдер чемпионаты, 2-орын (Тараз-2006)

ҚР жастар чемпионаты, 3-орын (Орал-2011, Шымкент-2012)

Әрине, 2012 жылдың 21-сәуірі Сайланның есінде мәңгі қалары сөзсіз. Соңғы турда керекулік шебер Мерешев Ернұрдан басым түсіп, тұңғыш рет ересектер арасында жеңімпаз атанды. Сонымен бірге, Әлем Чемпионатына жолдама алды. Осы дүбірлі додадан не күтесің деген сауалға: «тамаша ойын көрсетіп, Отанымның көк туын желбіретсем, әнұранын асқақтатсам» деген арманы бар екенін жеткізді.

Сайланның сөзіне сенсек: «Чемпион болу – әр адамның қолынан келетін іс. Алдыңа биік мақсат қойып, аянбай еңбек етсең, үлкен жарыста топ жару көп күттірмейді. Шыдамдылық түбінде жеңіске жеткізеді.»

Жарыстарға бірге шығып, бірге дайындалып жүрген командаластарына, әсіресе, сенім артқан бапкері Дәулет Әбдікәрімовке айтар алғысы шексіз.

Баршамызды өз ойынымен тәнті қылған Сайланға тілеріміз:

«Талабыңа нұр жаусын! Бар күшіңді салып, әлемді бағындыр!»